125 - жаттығуда берілген мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар. Зат есімдердің жасалу жолын түсіндіріңдер.
2 - тапсырма. "Қатесін тап" ойыны. Әр топқа кеспе қағаздары арқылы қате жазылған ережелер беріледі, оқушылар қатесін тауып айтады.
1) Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: шұбар ат, сары май, Алматы қаласы.
Күрделі зат есімдер түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қуаныш, өкініш.
2) Тіркес зат есімдер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: ауылшаруашылығы, күнтәртібі, есепшот.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл - айла, ас - су, ата - ана, бала -
3) Есім сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- ым, - ім, - м: бөлім, білім, тоқтам т. б.
- қы, - кі, - ғы, - гі: шапқы, бұрғы, сүзгі, ашытқы т. б.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
"Талап" тобы
Наурызда қазақ балалары жарапазан айтып, алтыбақан құруға даярланды.
(күрделі сөз бен жалқы есімді табыңдар)
"Еңбек" тобы
Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойыны. (зат есімді тауып, түрлеріне қарай ажырат)
"Терең ой" тобы
Қазақ салтында бас киім көріктілік пен сәнділікті, молшылықты білдіретін
қасиетті киім саналған. (деректі, дерексіз зат есімді анықта)
"Қанағат" тобы
Қазақ қолөнерінде сырмақ пен текеметтен басқа киізден жасалатын көптеген мүліктер бар. (дара және күрделі зат есімдерді анықта)
"Рақым" тобы
Қазақ жастарының талабы, өнері, жігері, қызметке жарамдылығы көрінетін жері - ойын-сауық. (зат есімдерді анықта, түріне қарай ажырат)
Семанти
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>