м тудыратын жұрнақтар:
1) есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- шы, - ші: етікші, балықшы, аңшы т. б.
- лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік: жақсылық, достық, шындық т. б.
- ша, - ше: бөлімше, кітапша, маңдайша т. б.
- шық, - шік: ойыншық, үйшік т. б.
- хана, - стан, - кеш: дәріхана, кітапхана, Қазақстан, арбакеш т. б.
2) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе: бөлме, тоқыма, кеспе т. б.
- ым, - ім, - м: бөлім, білім, тоқтам т. б.
- қы, - кі, - ғы, - гі: шапқы, бұрғы, сүзгі, ашытқы т. б.
- ыс, - іс, - с: жеңіс, айтыс, талас т. б.
- ық, - ік, - қ, - к: қазық, көрік, сұрақ, тілек т. б.
- ыш, - іш, - ш: қуаныш, өкініш, қызғаныш т. б.
- уыш, - уіш: тырнауыш, елеуіш, түйреуіш т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын - ажын, ақыл - айла, ас - су, ата - ана, бала - шаға, әл - қуат, ел - жұрт, жігіт - желең, жауын - шашын, ой - пікір, ой - қыр, отын - су, тері - терсек, ұрыс - керіс, шай - су т. б.
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.
"Орныңды тап" ойыны арқылы сыныпты 3 топқа бөлу. Тақтаға негізгі, туынды, күрделі деп жазып қою. Осы зат есімдерге жататын зат есімдерді тауып іледі.
1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>