Зат есімнің жасалуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

6 сынып қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: зат есімдердің құрамына қарай бөліну түрлерімен таныстыру, зат есімдердің жасалу жолдарымен таныстыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың өздеріне ережелерді шығарту арқылы ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге баулу;
б) тәрбиелік: құрбы - құрдастарымен тату болуға, достастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: слайд, кеспе қағаздары, смайликтер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. "Амандасу - сәлемдесу".
Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. " Қайырлы күн, Асқар! (күліп, басын изеу)
Қайырлы күн. . . ! (жүргізушінің атын атайды)
Қайырлы күн . . . ! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)
Қайырлы күн, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).
Қайырлы күн барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді). Сұрақтарға жауап алу.
1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Жалқы есім және жалпы есімдерге мысал келтіріңдер.
Жаңа сабақ.
1. Ағаш. Аға. Ән. Күй. Бала. Дәптер. Жел. Ауа.
2. Қойшы. Айлық. Білім. Күрек. Аялдама. Бастық.
3. Өнеркәсіп. Көкшетау. Ыдыс - аяқ. Қант қызылшасы.
Оқушылардың ойларын жинақтап, толықтырып жаңа сабақты түсіндіру.
Зат есімдер негізгі, туынды, күрделі болып 3 - ке бөлінеді.
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.
Зат есі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: