ендерді бір қуантты. 6. Астана қаласында жақсы үйлер көп салынды.
Сын есімдерге сұрақ қой.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Қайталау сабағы.
1-жаттығу. Цифрларды сөзбен жазып, мәтінді көшіріп жас. Сан есімдердің астын сыз.
Абай Қүнанбаев
Абай (Ибраһим) - казақтың ұлы ақыны. Ол Семейдегі медреседе 4 жыл мұсылманша оқыды. Сонда жүргенде өз бетімен 3 айдай оқып, орыс тілін үйренеді. Абай 12 жастан бастап өлең жаза бастайды. Ол 20-дан астам өлеңіне тамаша ән шығарған.
Абай араб, парсы, түрік тілдеріндегі кітаптарды оқыған.
Екі таңбалы сандарды қалай жаздың? Бір сөзбен берілген екі таңбалы санды ата.
2-жаттығу. Неше? деген сұраққа жауап беретін сөздерді нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерге айналдырып, қатарына жаз.
Екі вагон. Жеті бригада. Он мектеп. Сегіз парта. Алты пәтер. Төрт үй.
Сан есімдерді салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
3-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
Мақалдың мағынасын түсіндір. Ішінде сан есімдері бар мақалдар айт.
4-жаттығу. Суреттер бойынша сөйлем құрастырып жаз. Сан есімдердің астын сыз.
5-жаттығу. Цифрмен берілген сандарды сөз
Страницы: << < 131 | 132 | 133 | 134 | 135 > >>