Зат есім

Страницы: <<  <  130 | 131 | 132 | 133 | 134  >  >>

.
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.
Қ. Мырза Әли
Сын есімдерді тап. Сын есімдер қандай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
2-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.
1. Алмас қай үйде тұрады? 2. Еліктің жанында қандай лақ еріп жүр? 3. Қандай баланың ертеңі таусылмайды? 4. Қандай еңбекпен тапқан нан тәтті? 5. Қай бала жарыста жеңімпаз атанды?
Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Мейірімділік сынығы
Демалыс күнін Жарастың отбасы көл жағасында өткізді. Балалар мөлдір суға түсті. Жағалаудағы ыстық құммен ойнады. Кенет алыстан кішкентай әжей кәрі. Оның ақ шаштары желге қобырап кетіпті. Әжей кір және жамау киім киінген. Ол қолындағы сөмкесіне құмда жатқан бір заттарды теріп салып жүр. Ата-аналары балалары жандарына шақырып алды. Әжей Жарастарға күлемсіреп қарады. Бірақ қарт кісіге ешкім жауап қатпады.
Жарастың анасы бірнеше күннен кейін әжейдің сол жағалаудың жанында тұратындығын білді. Ол балалардың аяқтарын кесіп кетпесін деп, құмдағы шынылардың сынықтарын жинайды екен.
"Ақылдылық бастауы" кітабынан
Мәтіннен сын есімдер кездесетін сөйлемдерді көшіріп жаз. Үлкендер дұрыс істеді ме?
Осындай жағдай сенің басыңнан өтсе, сен не істер едің?
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы.
Жақсы атты әп-сәтте Асқаттар ақсатты,
Ақсатса жақсы атты, кім болар жақсы атты?
Сын есімді тауып, сұрақ қой.
5-жаттығу. Адасқан сын есімдерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ақ параққа аппақ сиямен жазды. 2. Арманның жаман қылықтарынан зәулім қылықтары көп. 3. Марат қалың киімін әсем киімге ауыстырды. 4. Көл бетінде көк тұңғиықтар қалқып тұр. 5. Бишілер жұқа билерімен көрерм

Страницы: <<  <  130 | 131 | 132 | 133 | 134  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: