Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану
Саты жалпы орта білім беретін мектептің бейнелеу, сызу және технология пәндерінің мұғалімі Сыздықов Алтынсары Шакенович
Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «. ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.
Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Әлемдік аренада бәсекелестікке төтеп бере алатын мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, қоғамның әр саласына еңбек етет

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: