І. Бекіту кезеңі. "Білгір" интеллектуалды ойыны.
1 кезеңі "Таныстыру"
2 кезеңі "Тапқырлық"
3 кезеңі "Ойлан, тап"
ІV. Қорытындылау кезеңі
V. Бағалау кезеңі
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, өткен тақырыпты қайталау, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау: сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, эксперт тобы құрылады (Сабақ барысында қолданылатын "Білгір" ойынының элементтерімен таныстыру).
3. Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ. Жаңа тақырып
1. Заңды тұлғалар, олардың түрлері
2. Заңды тұлғалардың туындауы және оны даралау
3. Заңды тұлғалардың таратылуы. Заңды тұлғаларды таратуды негізі және тәртібі
1. Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>