Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 3 B бөлімі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 3 B бөлімі Мектеп: «Ю. А. Гагарин атындағы 1 Күршім
Күні: орта мектебі» КММ
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: Мұғалімнің аты жөні: Оканов А. К.
Сабақтың тақырыбы:Үйсіндер мен қаңлылардың рухани және материалдық мәдениеті.
Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетінің ерекшеліктері қандай?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5. 2. 2. 3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсатыБарлық оқушылар: Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттайды;
Оқушылардың басым бөлігі: Қаңлылар мен үйсіндердің мәдениеті туралы әңгімелейді;
Кейбір оқушылар: Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетінің даму ерекшеліктерін талқылайды.
Бағалау критерийіБілім алушы:
Көшпелілердің қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар. Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды.
Венн диаграммасында үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетіне ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді (жазылым дағдысы);
Қаңлылардың «биші бикеш» туралы жырын айта алады (айтылым дағдысы);
Үйсіндер жазбасы және қаңлылар ескерткіштерінен үзінді мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы);
Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетін дамығандығын дәлелдейтін бейнеролик көреді (тыңдалым дағдысы).
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Термин сөздердің мағынасын жазу арқылы жазылым дағдысын дамыту.
Пәнге қатысты терминология. Қаптырма, тәті, гуньмо, битянь.
Талқылауға арналған тапсырмалар:
Үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысында қандай ұқсастықтар болды деп ойлайсыңдар?
Сіз неліктен екенін айта аласызба?
Неліктен қытай жылнамаларында үйсіндерден гөрі қаңлылар жайлы көбірек деректер жазылған?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: