"Қызықты грамматика " факультативы 5 сынып қазақ тілі пәнінен

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша және жазбаша тіл;
2. "Мәтін". Мәтіннің "байланысу, бірігу" деген мағынаны білдіруі. Мәтіндер бойынша жазба әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы;
3. "Жазбаша мәтіндер". Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т. б. Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.
3. "Лексика" (10 сағат).
1) "Сөз және оның мағынасы":
сөз мағыналары мен тіл байлығы - лексиканың қарастыратын мәселелері. Дыбысталу - сөздің сыртқы қабығы, мағына - сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы - лексикалық мағына. Сөздің бір мағыналы және көп мағыналы болатындығы. Сөздің негізгі қызметі - атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздің қосымша мағынасы - грамматикалық мағына. Сөздің грамматикалық мағынасының сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасынан туындайтындығы;
2) "Сөздің тура және ауыспалы мағынасы". Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы;
3) "Ауыспалы мағына" деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған кейінгі атауыш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын "жаңа" мағынасын да білдіретіндігі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: