Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

сты көрсеткіші болып табылатындығын айтып, қорытынды жасайды.
Дәйексөз
«Сенім» ұғымының әдептілік, адамгершілік, адами қарым – қатынастық қырларын ашу мақсатында М. Жұмабаевтың нақыл сөзімен танысу ұсынылады. Оқушылардың назарын айналасындағы адамдардың жақсы ниетіне сенуге, сенімнің адал дос табуға көмектесетіндігіне аудару қажет.
Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
Осы нақыл сөз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың сенім туралы, оның түрлі қырлары жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін талдау ұсынылады.
Ақын қандай жастарға сенім білдіреді?
Жастарға сенім білдірудің себебі неде?
Өлеңнің әр шумағына жеке-жеке талдау жасалғаннан кейін оқушыларға адамның қадір – қасиеттерін білдіретін сөздердің теріп жазу тапсырылады: мәселен, қайратты, айбынды, көздерінде от бар , сөздерінде жалын бар, арлы, мінезі жұмсақ, жүрегі ақ, иманды және т. б . Осы арқылы болашағы жарқын жастарға сипаттама беріледі.
Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат бірін-бірі толықтыратын екі ойдан тұрады. Біріншісі – сеніп тапсырылған істі орындау үшін жеке тұлға қандай қасиеттер керек екендігі, екіншісі- ұжымға сеніп тапсырылған істі орындаудың жауапкершілігі одан да күрделі екендігі, өйткені, ол жеке адамның жауапкершілігіне ғана емес, оның айналасындағылардың өзара татулығын, сыйластығын, ұйымшылдығын қажет етеді. Сондықтан да бұл жағдайда адам өзінің жеке мүддесінен гөрі ұжымның мүддесін жоғары қоюды талап етеді.
Жеке адамға сенім артып, тапсырылған істің орындалуы оның ақыл – ойына, еркі мен қажыр – қайратына, қабілеті мен мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Ұжымға сенім ар

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: