еттеу үшін «Тыныштық сәтті» әдіс тәсілін қолданады.
Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.
Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.
Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.
Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқаның орындайды.
Мұғалімнің сөзі
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланнып отырығдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғаның сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады.
Жаңа ақпарат
Оқушыларға жаңа ақпарат беру арқылы оқушының еңбек туралы түсінігін кеңейтіп,толықтырып,еңбекті жаңа қырынан ұғынуға көмектеседі.
Еңбек ету нәтижесінде халық қалаулылары болған адамдардың өмірбаянымен таныстырып,үлгі ету;
Тапсырма
Оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде, мақал –мәтелдерді өз пікірлерімен дәйектеуге ,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап.
А. Құнанбаев
Еңбегі жоққа-бақыт жоқ.
А. П. Чехов
Жұмыс-менің бірінші рақатым
В. Моцарт
Жаның жай тапсын десең –еңбектен.
Ж. Ж. Руссо
Тапсырманы орындау барысында оқушылар адам бойында еңбексүйгіштік қасиет болғанда ғана қуанышқа, бақытқа, жаны жай табатын жақсылыққа жете алатынын түсінеді.
Дәптермен жұмыс
Еңбектің адам өміріндегі алатын орнын анықтай түсу мақсатында дәптердегі 1,2,3- тапсырм
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>