Қызға нәзіктік ұлға батылдық

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

/> Махаббат ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді;
Отанды,елді құрметтеуге үйретеді;
Табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген 1,2-тапсырмаларды орындату.
Қорытындылау Р. Рождественскийдің «Махаббат шуағы»өлеңіндегі «Бәрінің бастауы-Махаббат!»деген негізгі ойды айқындай отырып,махабаттың өмірде үлкен орын алатынына ерекше көңіл бөлу.
Жүректен жүрекке Сабақты А. Самиғоллаұлының «Махаббат мәні» атты өлеңімен аяқтау.
Өзін- өзі тану 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Отбасы жарастығы,татулық туралы түсінік қалыптастыру;
Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», « махаббат» туралытүсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында М. Қуанышбековтың «Сен бақытты ұлансың!» өлеңін бірге оқып,Оқушыларға ата мен әженің,ана мен әкенің,аға мен іні,қарындастың отбасында қандай қандай орын алатынын түсіндіру.
Әңгімелесу
Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Мәтінмен жұмыс
Әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Отбасы татулығы» әңгімесімен жалғастыру.
Жаңа ақпарат
Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.
Жүректен жүрекке
Оқушылар ата-аналарына арнап тілек айтады.
Өзін- өзі тану . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Оқыту мен

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: