ен сүйіспеншілік сезімдерін дамыта түсу мақсатындасабақты Ә. Сәрсенбаевтың сөзіне жазылған Л. Хамидидің «Туған ел» әнімен бастайды.
Әңгімелесу Әңгімелесудің мақсаты- оқушылардың «махаббат», «сүйіспеншілік»ұғымдары туралы рйларын тыңдап,оның адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
Тапсырма Оқулықта Б. Момышұлының «Отан сүйер ұлан бол!» әңгімесінен үзіндіні оқу. Оқушылар мәтінді оқып отырып,Б. Момышұлының,Т. Бигелдинов сынды халық қаһармандарының ерлігі ешқашан да ұмытылмайтынын,олар қашанда халықтың жүрегінде болатынын түсінеді. Өздері білетін ерлік иелері жайлы оқыған кітаптарын,көрген кинолары жайлы ортаға салады.
Өзіммен-өзім Әр баланың өз бойындағы туған жерге деген сезімднрін сезіндіру мақсатында үнтаспадан құстар дауысын тыңдатып,релаксациялық тәсілді ұйымдастыру.
Дәйексөз «Өзінің елін сұйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды»деген Байронның сөзін дәйексөз ретінде қолданып,оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту.
Шығармашылық жұмыс «Қасиетті туған жнрді қастерле», «Қайдасың,қасқа құлыным?» атты екі мәтінді оқушылар өз бетінше оқып шығып,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнелейді.
Тапсырма Оқулықта берілген даналық сөздердің мағынасын аша отырып,махаббат туралы түсініктерінің кеңейе түсуіне,махаббатсыз дүниенің бос екеніне,сүйіспеншіліктің жүректен тарайтынына,махаббатсыз тіршіліктің мәні деболмайтынына мысалдар келтіруіне бағыт беру.
Сүйіспеншілік –жүректен. Махаббатсыз дүние-бос.
Ш. Құдайбердіұлы. А. Құнанбаев.
Махаббатсыз тіршілікте мән жоқ.
И. Гете.
Түйіндеме Оқулықтағы «Назар аударыңыз»айдарымен берілген махаббат туралы түйінді ойлар оқушылардың осы сабақтардан тұжырым жасауына,қорытындыға келуіне көмектесу.
Өзін-өзі ,өзгелерді тануға жетелейді;
Өзгелерді сыйлауға негіз болады;
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>