"Қыз - ұлт болашағы" атты қыз сыны байқауының сценарииі
Сабақтың тақырыбы: "Қыз - ұлт болашағы"
Сабақтың мақсаты: ақпараттық - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.
коммуникативтік - оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;
проблеманы шешу - қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі: "Қыз - ұлт болашағы" газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Проектор
Барысы. Топ жетекшісі: Қазақ халқы "Қыз" деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: "Қыздың жиған жүгіндей", "Қыздың тіккен кестесіндей", "Қыз - елдің көркі, гүл жердің көркі", "Жақсы қыз - жағадағы құндыз", "Қызы бар үйдің қызығы бар" т. б.
1 - жүргізуші:Заңғар
2 - жүргізуші: Мансұр
1 - жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге - аналарымыз бен апа - қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен е
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>