рдың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық. )
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге. . . . . ( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік
береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе. . . . . ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер. . . . . (Ауылдың сәнін қыз келтірер. )
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын - сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала. . . . . ( Әдепсіз бала - сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа не өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады. )
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма. . . . . ( адамның баласы бол)
Страницы: << < 5 | 6 | 7