ыр келбетін сомдау.
- Қожанасыр жұмыртқасын неліктен жарып алды?
- Қожанасыр қандай кейіпкер?
- Қожанасыр қиялының орындалмауына не себеп болды?
- Ал сен өзің қиялдай аламысың? Нені?
- Орындалмайтын армандарың бар ма?
- Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың? (Ол ержүрек батыр сияқты соғысқа аттанып, жауды денді ме, әлде бүкіл ауылды аштықтан құтқарып қалу үшін аң аулады ма екен?)
- Мәтіндегі қиялын Қожанасыр іске асыра алады дегенге сенер ме едің?
- Қожанасырға қандай мінездеме берер едің?
- Қожанасыр жайлы тағы қандай аңыздар білесің?
Қожанасыр айтқан екен. . .
Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыры молданың сиырын сүзіп, жарып тастапты. Қожанасыр асып-сасып молданың үйіне кіріп барыпты да:
- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, құраныңызға қарап беріңізші, күн төлеуге жата ма екен? - деп отыра кетіпті.
Молда құранын ары-бері ашыпты да:
- Е, көрші, құранда малды мал жарып тастаса, құн төленбеуге тиіс деп жазылған екен, - депті.
Сонда Қожанасыр:
- Мөлдеке-ай, мен сасқанымнан жаңылыс айтыппын ғой. Біздің сиыр сіздің сиырды жарып тастаған екен ғой, оқасы жоқ енді, - деп орнынан тұра беріпті.
Молда не дерін білмей, құранын аударыстырып отырып қалыпты.
Сергіту сәті
Сергіту сәті "Көңілді қалпақ" ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1) Аты
2) Үш-төрт етістік
3) Басқалармен қарым-қатынасы
Страницы: << < 54 | 55 | 56 | 57 | 58 > >>