ыр туралы аңыз әңгіме кітаптары, Қожанасырдың басынан өткізген қиял-ғажайып әңгімелер сюжетіне салынған суреттер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
1. Оқушыларды аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру, аңыз бен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу.
2. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауын, қиялын ұштап, байқағыштық қабілеттерін дамыта түсу.
3. Адам бойындағы алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау керектігін ұғындыру.
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Арман қуып жасынан,
Көктен көзің алмаған.
Байды алдап, мақтанған,
Кедейлерге жақ болған.
Сараң емес, бай да емес,
Ақшақұмар жан да емес.
Табыңдаршы жанды осы,
Сыйлығым бар тапқанға.
- Бұл өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- Аты аңызға айналған кімдерді білесіңдер? "Топтастыру" стратегиясы бойынша орындау.
- Осылардың ішінен қай кейіпкерді сомдау саған жеңіл тиеді?
- Қайсысын қазіргі таңда ортамыздан табуға болады?
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. "Болжау" стратегиясы бойын - ша әңгіме не туралы болатының саралап көру. Әңгімені оқу. Қожанас
Страницы: << < 53 | 54 | 55 | 56 | 57 > >>