Пән: Айналадағы әлем
Күні: "" 20 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Түзету-дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, ұсақ моториканы дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялап, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, аққала, қар, аяз.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілік: Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.
Cабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Керекті құрал-жабдықтардың жеткілікті болуын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық бағыт.
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем! (Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады. Қимылдар жасайды).
II. Кіріспе бөлім.
А. Меңжанованың "Бұл жылдың қай мезгілі?" өлеңін оқу.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).
Жұмбақ.
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні-түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз).
III. Негізгі бөлім.
- Балалар, аяз жылдың қай мезгілінде болады? - Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады? - Суық болады, беті-қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз? - Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз? - Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.
- Дұрыс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>