айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз. Денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ теуіп, аққала жасаймыз.
- Қандай мереке бар? - Жаңа жыл. (Суретпен жұмыс. Әңгіме құрастырады. Жаңа жылға жаттаған тақпақтарын айтады).
- Бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2-тапсырма. Қыс туралы тақпақ айту.
3-тапсырма. Сергіту сәті.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін.
4-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
- Терезеге қарайықшы, әйнегінен не көріп тұрсыңдар?
- Бұл суретті аяз бізге көрсетпей салып кеткен екен. Күн қатты суық болған кезде, аяз әр үйдің терезесіне осындай әдемі суреттер салады. Осы өрнектерді "аяз өрнектері" дейміз. Осындай өрнектерді қағаз бетіне салайық.
Балалар өрнектердің суретін салады.
IV. Сабақты бекіту.
5-тапсырма. "Қайсысы артық?" дидактикалық ойыны. (Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу).
6-тапсырма. "Аққала" дидактикалық ойыны. Тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты бөліктері жатады. (Бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі. Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады).
7-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы.
Ша-ша-ша, Жап-жасыл шырша.
Ар-ар-ар, Қандай аппақ қар.
Ыс-ыс-ыс, Келіп қалды қыс.
V. Сабақты қорытындылау.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің? Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
- Бүгін сабаққа өте жа
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>