Қыс қызығы

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

. Алдымен пішіндердің атауын атап шығайық. Мынау қандай пішін? (дөңгелек). Ал мынау ше? (сопақша,үшбұрыш). Балалар пішіндердің тұстарына ұқсас көкөністер мен жемістерді жапсырады. Қарбыз,қызанақ,қияр,қауын,қияр,сәбіз,қызылша беріледі.
VIII. Сабақты қорыту
"Ағашта не өседі"ойыны
Балалар үстелде жатқан көкөністер мен жемістердің ішінен ағашта өсетіндер мен жерде өсетіндерді аттарын атап тиісті жерлеріне орналастырады.
-Балалар жемістер қайда өседі? Ал көкөністер ше?
-Суреттер бойынша көкөністер мен жемістердің аттары мен түстерін,пішіндерін сипаттаңдар.
-Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

IX. Үйге тапсырма
Өздеріңнің сүйікті жемістерің туралы және өз бау-бақшаларыңда өсетін жемістер туралы жазып келіңдер
Х. Бағалау
-Жарайсыңдар,балалар! Осымен бүгінгі сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа барлықтарың белсенді қатыстыңдар.

Пәні:Айналадағы әлем
Сабақтың тақырыбы:"Ағаштар"
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдіктер тобына жататын ағаштар туралы мәлімет беру. Оның пайдасын,қоғамға қажеттілігін түсіндіру.
2. Балалардың ойлауын дамыту,сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру,зейінін шоғырландыру. Оқушыларды дұрыс отырғызу,сөздік қорын,есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Оқушыларға табиғаттың тамаша жаратылысын күтіп-баптауға үйретіп,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,көрсету, сұрақ- жауап, талдау, т. б
Көрнекілігі: көкөністер, көкөністерді бейнелейтін суреттер
Пәнаралық байланыс:ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық к

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: