Балалардың "Жемістер" тақырыбын қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтау үшін "Ретімен қой"ойынын ойнатамын.
Балалар "Ғажайып дорбадан" алынған жемістер мен көкөністерді ретімен қойып санайды. "Сол" жаққа жемістерді, "Оң" жаққа көкөністерді жинайды. Балалар жемістер мен көкөністерді санап, түрі мен түсін салыстырады.
V. Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
"Құдайы қонақ бөлімі"Есік қағылады,ішке көңілсіз қоян кіреді.
-Балалар, қараңдаршы, қоян көңілсіз екен. Неге көңілсіз екенін сұрайықшы. Қоян кішкене қорапша береді. Балалар,қоян не жегенді ұнатады? Білесіңдер ме? Міне, біреулер қоянның сүйікті тағамы сәбіздің суретін бөліп - бөліп қиып тастапты. Суретті құрастырып берейік, мүмкін қоянның көңіл - күйі көтерілер.
Тапсырма: "Бөлшектерден бүтін құра". Қоянның сонда да көңіл - күйі көтерілмеді.
-Балалар ендеше қоянға сәбіздің жаңа суретін салып берерміз,мүмкін сонда көңіл - күйі көтерілер. Жапырақ жасыл түспен, сәбіз сарғышқызыл түспен салынады. Қоян суреттерді алып қуанып шығып кетеді.
-Қоянның сәбізі нешеу болды? (2)
VII. Бекіту
"Суретшінің қателігін анықта" ойыны
Балалар,мына суретке қарайықшы,көкөністер боялған ба? Әр көкөніс пен жемісті жеке - жеке атап,түсінің дұрыстығын салыстырамыз. Дұрыс болмаса, суретші қателігін дұрыстаймыз. Тақтаға қызыл,сары,сарғыш қызыл түсті жұлдызшалар ілінеді. Берілген көкөністер мен жемістерге сәйкес келетін түстерді жабыстырады.
Жеке жұмыс: "Қай пішінге ұқсайды"ойыны
-Балалар, енді көкөністеріміз бен жемістеріміз пішіні жағынан қандай пішінге ұқсайтынын анықтайық
Страницы: << < 23 | 24 | 25 | 26 | 27 > >>