Қыс қызығы

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

тыңдар. Біз бүгін түрлі ойындар ойнап,қарлығаш,шымшық,аққу,қарға үкі туралы біліп, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін ажырата білдік. Енді біз барлығымыз құстарға қамқор болып жүрейік. Құстар біздің досымыз.
Мадақтау:

Тақырыбы:"Балаларға көлік түрлері туралы түсінік беру"
Мақсаты:
1. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде,суда,әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету;
2. Көлік бөлшектерін ажырата білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ұғындыру;
3. Ойлау қабілетін,қиялын жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Әдіс - тәсілі:түсіндіру, сқрақ - жауап, саяхат, ойын.
Көрнекілігі: тақырып мазмұнына байланысты суреттер, компьютер.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту,математика,құрастыру,сурет
Сабақ барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы (шаттық шеңбері)
Ауадан қуат алайық (алу)
Алақанға салайық (салу)
Жерден нәр алайық (алу)
Алақанға салайық (салу)
Күннен шуақ алайық (алу)
Алақанға салайық (салу)
Күн шуағын бір - бірімізге сыйлайық (алақандарына үрлеу)

ІІ. Ұйымдастырушы - ізденушілік.
Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көлліктер туралы қысқаша түсінік беру. Слайд бойынша әңгімелеу (1,2,3,4 слайдтар).
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Атқа, түйеге, өгізге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.


Балаларды оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру. Балалар қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік түрлері өте көп.
Көліктер

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: