рға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту.
Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, саусақ жаттығулары, құстар дыбысы
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу ,оқушыларды түгелдеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Уйге берген тапсырманы сұрап бағалау: ?
- Үй құстарын атап бер?
- Олардың қандай пайдасы бар?
Жаңа сабақ :
Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?
1. Жабайы құстар
2. Үй құстары.
Жабайы құстар - табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп . Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады. Құстар бір орныда тұрмайды. Олардың бір жерден екінші жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет-ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады. Олар жұмыртқалайды,балапан басады.
Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады. Мысалы:бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады. Себебі, олар түрлі тышқандармен, ұсақ жануарлармен қоректенеді. Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз.
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>