тер жолына Гейгер санағышын қойып, радиоактивті препараттардың белгілі бір уақыт ішінде шығарған бөлшектер санын өлшеді. Сонан соң санағыш орнына сезгіш электрометрмен қосылған металл цилиндр қойды (3-сурет).
Бөлшектер шығаратын көздің цилиндр ішінде сондай уақытта шығарған -бөлшектерінің зарядын Резерфорд электрометрмен өлшеді (көптеген заттардың радиоактивтігі уақыт өтуімен өзгермейді деуге болады). -бөлшектердің қосынды зарядын және олардың біле отырып, Резерфорд сол шамалардың қатынасын, яғни бір -бөлшектің зарядын анықтады. Сол заряд элементар екі зарядқа тең болып шықты.
Резерфорд қолы жеткен нәтижемен тоқтап қалмай, бұдан соң тағы тікелей тәжірибелермен радиоактивтік -ыдырауда гелий пайда болатынын дәлелдеді. Бірнеше күн бойы -бөлшектерді арнаулы резервуарға жинап, Резерфорд спектрлік анализдің жәрдемімен ыдыстың ішіне гелийдің жиналғандығына көз жеткізген (әрбір бөлшек екі электронды қармап алып, гелийдің атомына айналып отырған).
Радиоактивті ыдырау кезінде -сәулелер (гелий атомының ядросы), -сәулелер (қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару) және -сәулелер (электрондар) туындайды.
Бета-сәулелер
Басынан бастап-ақ - және -сәулелер зарядталған шектердің ағыны түрінде қарастырылған. Ең оңайы -сәулелермен эксперимент жасау болады, себебі олар магнит өрісінде өте күшті ауытқиды. Негізгі мәселе бөлшектердің заряды мен массасын анықтауда болды. Бөлшектердің электр мен магнит өрісіндегі ауытқуын зерттеу арқылы, бұлар жарық жылдамдығына жакын өте жоғары жылдамдықтармен қозғалатын электрондар екендігі анықталды. Алынып отырған радиоактивті элемент шығарған -бөлшектердің жылдамдығы бірдей еместігінің маңызы бар.
Гамма-сәулелер
Өзінің қасиеттеріне қарағанда -сәулелер рентген сәулелеріне өте ұқсас, бірақ олардың өтімділік қабілет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>