Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Физика. 9-сынып
Сабақ 79
Сабақтың тақырыбы: Ядроның байланыс энергиясы. Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ядроның байланыс энергиясы тақырыбын меңгеруі.
Тәрбиелік: сынып ішіндегі қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
Дамыту: ядроның байланыс энергиясының формуласы мен басқа энергияның түрлерінің формулалары арасындағы айырмашылықтарды қарастыру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесіп болғаннан кейін, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасы
Нуклондардың арасындағы гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?
Ядролық күш дегеніміз қандай күш?
Ядролық күштердің қасиеттері қандай?
Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем алынады? Ұзындықтың халықаралық жүйесіндегі бірлікпен оның қатынасы қандай?
Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?
Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігі ретінде не алынады?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Ядроға бірігу барысында бөлшектер жоғары энергетикалық күйден төменгі энергетикалық күйге ауысады да, біраз энергия босап шығады. Энергетикалық күйлердің айырымы ретінде босап шыққан (ΔЕҺν) энергиясы, негізінен, кванттық сәулелену түрінде сыртқы ортаға тарайды. Кванттық сәулеленуге шығындалған ΔЕ энергия (ΔЕ Δтс2 қатысына сәйкес) ядрода Δт масса ақауын туғызады.
Ядрода масса ақауының болуы ядроның тұрақтылығы үшін де қажет. Ядроларда Δт масса ақауы болатындықтан, сырттан қосымша ΔЕ энергия беріп, сол ақауды толтырмайынша, олар өздерінің тұрақты қалпын сақтап қала береді. Егер ΔЕ масса ақауы болмаса, онда ядродағы протондар кулондық тебілу күштерінің салдарынан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: