-ақ оп-оңай ыдырап кетер еді.
Ядроның беріктігін Δт масса ақауына сәйкес келетін Е Δтс2 энергия шамасымен сипаттайды. Оны ядроның байланыс энергиясы дейді.
Жеке бөлшектер бірігіп ядроны құрағанда пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.
Масса ақауын анықтаудың екі өрнегін пайдалана отырып, байланыс энергиясын табамыз:
Ебайлmc2ZmpNmn-Mяс2ZMHNmn-Mатс2
Мегаэлектрон-вольт бойынша ядроның байланыс энергиясын табу үшін мына қарапайым формула қолданылады:
Ебайлm931,5МэВ
Энергияның сақталу заңы тұрғысынан да ядроның байланыс энергиясын анықтауға болады: ядроны жеке нуклондарга толық ыдыратуга жұмсалатын энергияны байланыс энергиясы деп атайды.
Ядролардың орнықтылығын сипаттау үшін меншікті байланыс энергиясы деген шама енгізіледі. Бір нуклонга келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды:
ЕменшЕбайлА
Альфа-бөлшектер
-бөлшектердің табиғатын анықтау анағұрлым қиын болды, себебі олар магнит және электр өрістерінде нашар ауытқиды.
Бұл мәселені тыңғылықты етіп Резерфорд шешті. Ол магнит өрістеріндегі ауытқуына қарап, бөлшектің q зарядының оның m массасына қатынасын өлшеді. Ол шамамен протондікінен -- сутегі атомының ядросынікінен -- екі есе аз екен. Протон заряды элементар зарядқа тең, ал оның массасы массаның атомдық бірлігіне өте жақын. Олай болса -бөлшектің бір элементар зарядына массаның екі атомдық бірлігіне тең масса сәйкес келеді.
Бірақ -бөлшектің заряды мен оның массасы белгісіз болып қала берді. -бөлшектің не зарядын, не массасын өлшеу керек болды. Гейгер санағышы жасалған соң зарядты өлшеу оңай да сенімді болды. Жұқа терезе арқылы -бөлшектер санағыш ішіне өте алады және оны санағыш тіркейді.
Резерфорд -бөлшек
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>