Шалқар қаласы, 5 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уразаева Фатима Кенесовна
Эссе тақырыбы: "Қос балдақты қарттың сыры" деп аталады. Бұл жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым - өзім тұратын елді мекенде тұрған, қазақ халқының басына қиын - қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында Отан соғысының майдангері Юсупов Мұқанбетқали Төлегенұлыда бар. Ол кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп,осы эссе жұмысыма арқау етпекпін.
2013 жылы мамыр айында 5 орта мектебінде дәстүр бойынша, Ұлы Отан соғысы ардагелеріне арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып,Ұлы Жеңіс күнімен құттықтадық. Отан үшін от кешкен майдангерлерді құттықтай отырып,Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ардагерлерге деген құрметтерін көрсетті. Ерекше атап өткіміз келетіні,18 жасында соғысқа аттанып,сұрапыл соғыс жылдары ерлікпен шайқасқан,балдақпен елге оралған Мұқанбетқали Төлегенұлы Юсупов. М. Шыманұлы ауылында тұратын Мұқан атаның үйіне 5"б"сынып оқушыларымен барған болатынмын. Мұқан ата басынан кешкен оқиғаларынан сыр шертіп,тек қана соғыс жылдарын емес,отбасы жайында,ұстаздық еткен еңбегі туралы ,өнегелі әңгіме өрбітті. Тек өкініштісі, 2014 жыл желтоқсан айында аяулы әкеміз тоқсанға қараған шағында бақилық болды. .
Соның айғағы ретінде атаның өзі туралы айтқан өмірдеректеріне токталып өтейін.
Юсупов Мұқанбетқали Төлегенұлы 1924 жылы Қаратал елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Сүйеу Төлегенұлы 1941 жылы Тасқынбай түбегінен соғысқа аттанды. Сүйеуден бес ұл (Мұқанбетқали, Ахметқали, Рыспағанбет,Тоқб
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>