Внеклассное мероприятия по-русскому и литературе КВН

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ерген, Әбубәкір),бір қыз Балғаным 7-жасында қайтыс болған. Әкесі Сүйеусоғыстан хабарсыз кетті. Шешесі және төрт бауырымен қиыншылықты көп көрген. . Жастайынан ауыр жұмыстар істеп,Шалқар қаласына түйемен отын апарып сатып күнімізді көрдік. деп отыратын. Өзі де әкесінің артынан 1942 жылы 6 тамызда 18 жасында соғысқа аттанады. . Соғыста Ворошилов атындағы стансадан Днепрге дейінгі аралықта жаяу жүріп өткен. Осы екі аралықта талай боздақтар оққа ұшып, қан судай төгіледі. Қаршадайынан бейнетті көп көріп, ширақтыққа үйренгендіктен, әрі алып-ұшып тұрған бозбала шағы болғандықтан көп қиналмаған. Арасында орыс тілін үйренуге зейін қойып, көп ұзамай сержант атаныпты. Өзі айтпақшы:"1943 жылы Днепрге жақындап қалған тұс. Бір поселкені аламыз деп қыруар адамнан айырылдық, жау қатты қарсылық көрсетті. Бас көтертер емес. Жаппай оққа ұшып тегіс қырылып қалар түріміз бар. Өзім шешім қабылдап, бес солдатты ертіп жаудың ту сыртынан өтіп кеттім. Ата - баба әруақ қолдап пулеметтің үнін өшірдік. Қолымыздағы қаруымыз бесатар. Қару - жарақ жетіспей тұрғантұс. Осы жеңісім үшін "Ерлігі үшін медалін"берді. Осы соғыста аяғымнан қатты жарақаттанып, Тбилиссидің госпиталінде алты ай жатып, 1944 жылдың сәуір айында қос балдақпен елге оралдым.
Биссимилла дегенім сөздің басы
Елімнің естірме екен кәрі-жасы?
Соғыста кездескенді есіме алсам,
Көзімнің тоқтамайды аққан жасы

Жатырмын Тблисий қаласында
Каспий мен Қаратеңіз арасында.
Хатты алып оқыған ағайындар,
Сәлем айт бар Баршаның баласына-деп, елге деген сағынышты хат арқылы басатынмын"-деп отыратын.
Мүгедектігін мойындамай мұғалім болып жұмысқа кіріседі. Қырық жыл отасқан жары, әрі ақылшысы,қиын - қыстауда сүйеніші болған, жеті баласының анасы Шәмшияға үйленген. Сарықамыс мектебінде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: