қырық төрт жыл мұғалім болып, 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Осы күнгі аудан жұртшылығына мәлім азаматтар: Жаңғабыл Қабақбаев, Жеткерген Елемесов, Ұзақбай Ысқақов Әсия Сейталина Астанада тұратын белгілі ғалым, професор Жақсылық Ниеталин шәкірттері. Білімі терең емес, бірақ көргені , көңілге түйгені көп болатын.
Өзінен туған үш ұл, төрт қызына жоғары білім алып берген аяулы әкеміз тоқсанға қараған шағында бақилық болды. .
Солардан тараған жиырма екі немересіне батасын беріп, Алласына шүкірлігін айтып өтті.
Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, жеңіс үшін жанын берген аталарымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан апаларымыз бен әжелерімізді мақтаныш етеміз. Осы орайда ел намысы мен Отан абыройы жолында от кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің есімін жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу - біздің басты борышымыз. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігінің, жастарды патроиоттық сезім мен ерлікке тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз.
Юсупов Мұқанбетқали Төлегенұлы
(Мұқан атамен кездесу) 2013 жыл
Медальдар,мақтау қағаздары
Страницы: << < 1 | 2 | 3