із. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан Жүрек соғуын кімде болса тыңдай алады.
Балаларға бір-бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. Біздің анамыздың, әкеміздің,бауырымыздың,әпкеміздің жүректері де осылай соғады. Жүрек қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стакандай қан айдайды,сонан соң қайта жиырылады, яғни жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен конькимен сырғанау,суға түсу, таза ауада қыдыру,күнделікті жаттығу дененің бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің еттерін дамытып,жақсы жиырылуына көмектеседі.
Спортпен ,гимнастикамен шұғылданбаса бұлшық еттер серпіндігін жоғалтады,жүрек әлсіреп,әртүрлі ауруларға шалдығады. Шарап ішу,темекі тарту, жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенші жұмыс істеуге болмайды: бұлай етсең жүректі әлсіретіп аласың. Жүрек тек адамға ғана емес, аңдар мен құстарда да бар.
Баланың жүрегінің үлкендердің жүрегінен айырмашылығы- өлшемінде. Тәрбиеші жұдырықтарын түйіп,зер салып қарауды ұсынады. Сендердің жүректерін өздерінің жұдырықтарының көлеміндей.
Адамда жүрек біреу. Оны сақтау қажет.
Психологиялық жаттығу:
Әр бала қолынан бәрі келетін болашақ дәрігер-емші кейпіне енеді. Дәрігер сипап сезу арқылы емдейді. Ол мүшелеріне бұлай деп бұйырады:
Сүйкімді жүрегім,жақсы жұмыс істе,қайырымды бол.
Қаным сау бол,ағзаның барлық тамырларын жайып шық.
Қорытынды:Жүректі сау сақтау үшін дене шынықтырумен шұғылдану,дұрыс тамақтану қажет. Ешқашан темекі шегіп,шарапқа құмарланба.
Страницы: << < 36 | 37 | 38 | 39 | 40 > >>