ндап тұратын кез.
«Ең тәтті кез-жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген бағы да» (Жүсіп Баласағұни)
- «Жиырма бес - енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын» (Шал ақын)
37 жас
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы - жаманын, оң - солын танып, ақыл тоқтатып,қырықтың қырқасына көтерілген кез.
- «Жас та келіп қырықпенен астасар,
Сол уақытта жігіттік те қоштасар» (Жүсіп Баласағұни)
49мүшел
Қырық тоғыз жас - бойдағы күш қайта бастағанымен , кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы.
«Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді,
Кешегі жиырма жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді. » (Шал ақын)
61 мүшел жас)
Алпыс бір жас –даналығы артып,өткеніне сын көзбен қарайтын,тәубеге келетін кезең.
«Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен», деп Бұқар жырау мойындаса,
Шал ақын «Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен,
Алпыс жас –бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі»-деген тоқтамға келеді.
73 мүшел
Жетпіс үш жас - бұл мүшелде кәрілікті мойындап,бойы еңкіш тартады,аяғы тұсалып,жүріп-тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Жүсіп Баласағұни:
«Бұл дүние көздің жауын,нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да,жалған салар сүргінге,
Теріс қарар,мәз қып қойып бір күнге» -деп суреттесе.
Шал ақын:
«Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Мойныңды жан-жағыңа бұра алмайсың»--деп күрсіңген.
85 жас.
Сексен бес - бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып,күйбең тірлікке түседі.
Бұқар жырау:
«Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен. » - деп тұқыртса,
ал Шал ақын: «Сексенде тұяғыңды серіппейсің,
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>