, және одан әрі қарттық дәуірге
сәйкес келу.
Халық ұғымында әр мүшел адам өміріне қауіпті жыл деп саналып, мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп, жаратушыдан саулық тілейді, «құдайы» жасайды.
Бұл жасында әр адам сақтанып жүреді, алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді.
Қазақтардың мұндай сақтануы негізсіз де емес. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады. Ертедегі шығыстық ғылым осыны анықтаған.
Жыл қайыру туралы аңыз.
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ,ол соғыс қай жылы өткенін білмей,әбден шатасады. Сонда қаған өзінің халқына былай депті «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық,ал бізден кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл- біздің кейінгіге қалдырған ескерткішіміз болсын. »
Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып,жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірден өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы-тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр,сосын барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз өтіпті. Сөйтіп,әрқайсысы бір-бір жылдың атын алыпты.
Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізетін әсері,ықпалы болады. Алғашқы мүшелде 13 жастағы баланың ересектік шаққа өту кезеңі .
13 мүшел.
«Жасым келіп он үшке
Кірер ме екем кең есікке
Бұғана қатып,бел бекіп.
Ерегіскен дұшпанмен,
Шығар күн туса күреске (Ақтамберді жырау)
25мүшел.
25 жас - нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған қайратты қайда жұмсарын білмей,жалы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>