Тырысқақ
Холера (тырысқақ) -- Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекциясы.
Холера жайлы тарихи мәліметтер
1817 ж-ға дейін холера тек қана Оңтүстік-шығыс Азияда, көбінесе Индияда тараған ауру болған. 1817-1936 жж -- Азияттық холераның 6 пандемиясы өтті. 1961 жылдан бері -- 7-ші пандемия. Қазіргі күнде холера 40-тан астам мемлекеттерде тіркелген. Жыл сайын дүние жүзінде холерамен 300-500 мың адам ауырады, өлім көрсеткіші 1-4. Қазақстанда холера жан-жақтан әкелінген бірен-саран оқиғалармен көрінеді.
Этиологиясы: қоздырғышы Vibrio cholerae
Vibrio cholerae classica- азиаттық классикалық холераның қоздырғышы
Vibrio cholerae Эль-Тор -- Эль-Тор холераның қоздырғышы
Вибриондар: өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс қысқа таяқшалар. Аэроб, оптимальды температурада (37С), сілтілі ортада жақсы өседі. Сыртқы ортаның температурасы 17 С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді. Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді. О1 антиген -- А,В,С компонеттерінен құрастырылады.
Келесі серотоптарға бөлінеді:
Инаба (АС)
Огава (АВ)
Гикошима (АВС)
Холера вибрионы 3 токсикалық зат бөледі:
Эндотоксин - иммуногенді әсер
Экзотоксин-холероген - диареямен сусызданудың негізгі себебі
Өткізгіштік факторы -- жасуша мембраналарымен тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатады.
Тырысқақ эпидемиологиясы: Антропоноз. Аса кауіпті инфекциялар қатарына кіреді.
Инфекция көздері:
Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109 микроб бөліп шығарады)
Вибрион тасымалдаушылар (са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>