Тырысқақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.
Құсу -- іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, "фонтан тәріздес" болады.
Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады:
Шөлдеу
бұлшық еттердің әлсізденуі
адинамия
балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы
тахикардия
гипотония
тыныс алуының жиіленуі
терінің бозғылттығы
Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.
Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
(В. И. Покровский, 1973ж)
1-дәрежедегі дегидратация -- сұйықтықты дене салмағынан 3-ке дейін жоғалту
2-ші дәрежедегі дегидратация -- сұйықтықты дене салмағынан 4-6-ке дейін жоғалту
3-ші дәрежедегі дегидратация -- сұйықтықты дене салмағынан 7-9-ке дейін жоғалту
4-ші дәрежедегі дегидратация -- сұйықтықты дене салмағынан 9-10-тен жоғары.
Дегидратацияның 1-ші дәрежесі 50-60 науқастарда болады. Іш өту 3-10 рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1-3-тен аспайды. Тері қабаттары өзгеріссіз. Кейбіреуінде акроцианоз. Шырыш қабаттарының сәл құрғауы. Дене қызуы қалыпты (әлсіздік, бас айлануы). Сырқаттың ұзақтығы 3-4 тәуліктен аспайды.
Дегидратацияның 2-ші дәрежесі 20-25 науқастарда болады. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 4-6-ке жетеді. Іш өту жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, "күріш суы" тәріздес. Сусыздану белгілері өте жылдам дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, қайталанған құсу, терісінің бозғылттануы, суық тер жабуы, акроцианоз, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы. Дене қызуы қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде жазылады. Тахикардия, гипотония, аздаған олигурия.
3-ші дәрежедегі дегидратация 8-10 науқастарда кездеседі: Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 7-9-ке дейін жетеді. Іш өту жиілігі с

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: