Тырысқақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

у, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады)
Классикалық холерада инфекция көзі -- көбінесе типті түрімен науқастанған адамдар.
Эль-Тор холерада инфекция көзі - көбінесе атипті түрімен науқастанған адамдар және тасымалдаушылар.
Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы
Таралу жолдары:
су арқылы (көбінесе)
алиментарлы
тұрмыстық қатынас арқылы
Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары - 100 -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар ауырады.
Тырысқақ (холера) патогенезі
Холера вибриондары асқазаннан өтіп, ащы ішектің қуысына түседі. Энтероциттерге жабысып - адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі. Патогенездің негізгі факторы экзотоксин (диареяның себебі). Экзотоксин энтероциттердің ішіне өтіп, аденилциклазаны белсендендіреді, цАМФ шығуын көбейтеді, ішек сөлінің секрециясын күрт жоғарлатады (гиперсекреторлы процесс туады, 1 сағатта 1 литр суйықтық өндіреді). 1 литр сүйықтықпен организмнен 5,0г NaCl, 4,0г натрий гидрокарбонаты, 1,0г КСІ сыртқа шығады.
Диареяның түрі - сулы-электролитті. Ол сусыздану, деминерализацияны туғызады. Нәтижесінде гиповолемия (абсолюттік), микроциркуляцияның бұзылыстары, тканьды гипоксия, ацидоз, метаболиялық бұзылыстар туады.
Холера (тырысқақ) патогенезі
Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін.
Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17 көбінесе Эль-Тор холерада). Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.
Холераға тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, "күріш суы" тәріз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: