і қолданылатын жерлерде бірден туындай салатын нәрсе емес дегенді жиі естиміз. Бұл салада қолданылатын әдістер аз болса, "Миға шабуыл" құрылымдалған шараларды пайдалана отырып, идея туғызудың сол аз әдістерінің бірі болып табылады. Өйткені миға шабуылдың негізгі ережелерінің өзі оның жоғары тиімділігінің себебі болып табылады.
2. Стандартты ойлаудың сыртына шығу
Өз шығармашылығыңды ынталандыру үшін өзгенің идеясын пайдалану нәтижесінде, оларды бір адам ойлап тапқаннан гөрі көбірек идея алуға болады. Сондай-ақ ұжымдық жұмыс барысында көңілге қонымды идеяны елемей кету немесе оны іске алғысыз ретінде қайтару мүмкіндігі төмендейді.
3. Қарапайымдылық
Миға шабуыл - бұл түсінуге оңай және қолдануға жеңіл әдіс. Ол жоғары технологиялық жабдықтарды немесе ұзақ мерзім бойы оқуды қажет етпейді, ал нәтижелерін бағалау оңай.
МИҒА ШАБУЫЛДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ
1. Қатысушылардың жоғары ынтамен атсалысуы
Миға шабуыл әдісінің топтың барлық мүшелерінің қатысуын талап етуі - оның артықшылығы да, кемшілігі де. Қатысушылардың белсенді атсалысуы артықшылық екеніне ешкім дау айта қоймас, ал кемшілігі - үдеріске араласу жауапкершілігі қатысушыларға артылатынында. Топ мүшелері ортақ іске үлес қоса алатын идеялары бар екенін сезінген жағдайда ғана миға шабуыл тиімді болмақ. Егер ешкім ұсыныс жасауға дайын болмаса, топ уақытын жайсыз үнсіздікте өткізеді.
2. Үдерістің толық еместігі
Миға шабуыл - проблеманы шешу үдерісіндегі бір саты ғана. Туындаған идеялар, ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қанағаттанарлық болуы мүмкін, бірақ бұл әдістің шынайы артықшылығы сол идеялар іске асырылған жағдайда ғана көрінеді. Яғни, тренер сөзден істің артық екенін және барлығы белгілі бір шешім немесе идеямен келіскен бойда оны іске асыра бастау
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>