есе керісінше, оны шектен тыс жақтауды да қамтиды.
Сондай-ақ, қайсыбір адамның үлесін елемеу немесе дене қимылдарымен (иығын көтеру, қасын көтеру және т. б. ) сыни көзқарасын көрсете отырып, идеяның құны жоқ деп ишара жасамау маңызды.
2. Идея ұсынуға ынталандыру
"Өзара тозаңдану" болуы үшін жеткілікті идея ұсынылғанына көз жеткізу үшін, топ мүшелері әркімнің үлесі бағалы екенін сезінуі қажет. Ұсыныстардың сапасына емес, олардың санына көңіл бөлінуі тиіс. Бағалау сатысында әркімде кез-келген жеке ұсыныс бойынша өз сезімін білдіруге мүмкіндік беріледі.
3. Қатысушылардың тең құқылығы
Сайып келгенде, әркім өзінің ұсынысы қарауға тұрарлық екенін сезінуі тиіс, сонда бәрінің де өз ойларын ұсынуға ынталы болады. Топтың бір-екі мүшесінің басым болуын болдырмаудың ең жақсы жолы - әр қатысушы кезекпен өз пікірін айтатын жүйе орнату. Бұл тәртіп жұмыс барысын ресмилендіріп, оны баяулатып жіберуі мүмкін, бірақ барлық қатысушы жұмысқа тартылатындықтан, бұның құны тұрады.
Егер топ мүшесі қандай да бір себеппен ұсыныс жасай алмайтын болса, ол бұл туралы айтуы тиіс және де оның бұл пікірі талқылаусыз қабылданады, ал үдеріс жалғаса береді. Егер қатысушылардың ешқайсының басына жаңа идея келмеген сәт туындаса, тренер өз ұсынысы немесе түсініктемесімен топты ынталандыра алады.
4. Еркіндік
Барынша көп ұсыныс жинау үшін, ешқандай шектеу қойылмауы керек. Қаншалықты өрескел немесе іске қатыссыз болып көрінсе де, кез-келген идея қарауға жатады. Бұл дегеніміз мүлдем пайдасыз болып көрінген идея басқа қатысушыда басқа идея туындауына түрткі бола алады дегенді меңзейді.
5. Барлық идеяларды жазу
Жазып отыру - бұл жай ғана маңызды ұсыныстарды тіркеу емес, одан әрі идея өрбіту үшін түрткі алу мүмкіндігі.
Мұның осы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>