Туынды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МИҒА ШАБУЫЛ (BRAINSTORMING)

Миға шабуыл - пікірталастың айрықша еркін түрі. Оның басты қызметі -- идеяларды тудыруды қамтамасыз ету, бірақ қатысушылармен ұсынылатын шешімдерді талдау және талқылау емес.

Миға шабуылдың табысты өтуі екі басты қағиданың сақталуына байланысты:
Оның біріншісі - синергетика теориясына қатысты. Оның мәні мынада: жеке жұмыс істегенге қарағанда,топ бірлесіп жұмыс істеген кезде, анағұрлым жоғары сапалы идеяларды ұсына алады. Бұлай болатын себебі, жоғары деңгейде өзара іс-әрекет жасау "өзара тозаңдануға" алып келеді, пайдасыз болуына байланысты қабылданбауы мүмкін болған идея пысықталып, талқыға салынып және қолдануға жарамды етіп жақсартылады.
Екіншісінің мәні: топ мүшелері идеяларды тудыру жағдайында болған кезде, сол идеяларға уақытынан бұрын субъективтік баға берілсе, бұл "қызып тұрған" шығармашылық ойлауды тежеуге болмайды.

Шығармашылық ойлау ойлау үш сатыдан өтеді:
1. идеяларды тудыру;
2. осы идеяларды бағамдау және талдау;
3. таңдап алынған жағдайға идеяларды қолдану.

Егер әрбір ұсынылатын идеяға қатысты бірден баға берілсе, ұсыныстар тасқынының бірден төмендеуіне алып келетін "сараптамалық дәрменсіздік" деп аталатын жағдай туындайды.
Шығармашылық ойлау, шешімнің барлық болжамды нұсқалары ұсынылғаннан кейін ғана баға беруге мүмкіндік берілген жағдайда ғана өркендеуі мүмкін.

Бұл қағидалар миға шабуыл өткізудің алты ережесіне негіз болды:
1. Ешқандай сынның болмауы
Тек сынға ұшырау қаупі болмаған жағдайда ғана идеялар тасқындап еркін ағылуы мүмкін. Бұл жағдайда сын деген сөз кең мағынада түсініледі: тікелей ұсынысқа қатысты айтылған жағымсыз баға ғана емес, сондай-ақ қайсыбір адамның идеясын жасырын келемеждеу нем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: