ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Академик М. Қ. Қозыбаев бұл турада: «Егер тарих ғылымының алдына тұрған міндеттерді бетбұрыс кезеңінің талаптары тұрғысынан саралайтын болсақ, тарихшылардың туған халық алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Мен бұл тұжырымды тарихшылардың талай ұрпағын ақтау үшін ғана келтіріп отырғаным жоқ», – деп жазуы осыған дәлел деуге болады.
Тарихымыздың көмескі деп саналып келген немесе анығына жетіп зерттелмеген мәселелерін қайта қарауда деректік құжаттарды қолданып, тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізілді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнайы жазылып отырған бұл жұмыста еліміздің жеткен жетістіктері, алға қойған мақсаттарын қандай жолмен жүзеге асырылғаны, жалпы болашаққа деген көзқарасы ашып көрсетіледі. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірінен басталады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін алғаны, оның ішкі және сыртқы саясаттағы алғаш қадамдары, алғашқы кездегі экономикалық қиыншылықтары, туындаған мәселелерді шешуі, көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуы, одан әрі Шығыс және Батыс елдерімен ынтымақтастыққа қол жеткізуі, әлемдік деңгейде маңызды рөлге ие болып отырған халықаралық ұйымдарға мүше болып енуі, ұзақ мерзімді даму жоспарының қолға алынып, жүзеге асырылуы, жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктері қарастырылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму кезеңінің тарихын қазіргі уақытта отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да құлшына зерттеуде. Жаңа мемлекеттіліктің орнауы, президенттік институттың орнығуы мен эволюциясы, билікті бөлісу жүйесін дамыту, қоғамды демократияландыру, п
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>