-wbio5HcCA&usgAFQjCNH9paQeoLl9WCsSOLiCrZmievu-ng&cadrja" Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы , Ислам Конференциясы Ұйымы әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты Қазақстан-2030 бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жылдан астам уақытты артқа тастадық. Осы 10 жылдың ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік. Кешегі мен бүгінгіні салыстырсақ, арамызда үлкен айырмашылық бар. Мұны заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономикалық сарапшылар ғана емес, бүкіл халық сезеді.
«Қазақстан-2030» - тек экономикалық стратегия ғана емес. Бұл адами факторға негізделген мемлекетті жан-жақты модернизациялаудың кешенді көрінісі.
Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында (2006 жыл) республиканың дүние жүзінің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі стратегиясын ұсынды. Бұл жөнінде пікірсайысқа қатысушылардың көбісі әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге қабілетті ел деген ұғымдарды ұқсас ұғымдар, сонымен бірге олардың әрқайсысы дербес экономикалық категория әрі олардың бағалаулары мен индекстері әр түрлі деген анықтама береді.
Президент стратегиялық бағдарламада (2006) дербес екі міндетті: таяудағы 10 жылда, біріншіден, әлеуметтік дамыған 50 елдің қатарына кіру және, екіншіден, дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін қойды.
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстан тарихының түрлі салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>