е оларға қарсы күрес шаралары қарастырылған. Өзінің еңбегінде Президент былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда діни экстремизм – үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық процессі бізде де төбе көрсетуі мүмкін деген қауіп белгілі дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты қауіп-қатер, оны дер кезінде сезінбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек».
Президент Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсыңында жазылған «Қазақстан жолы» деген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халқының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі.
Мемлекет басшысының «Ғаламдық қоғамдастықтың түбегейлі жаңару стратегиясы және өркениеттердің әріптестігі» атты жаңа еңбегінің дүниеге келуімен байланысты Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының тарихнамалық мүмкіндігі айтарлықтай байыды. Бұл еңбек Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы әлем жағдайында Қазақстан мен оның халқының игілікті болашағы туралы алдыңғы еңбектерінде басталған қоғамның постиндустриялық дамуы проблемаларына жүргізген іргелі және терең ғылыми зерттеулерінің жалғасы болып табылады.
К. Жигалов пен Б. Сұлтановтың еңбектері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі үрдісіне арналған. Ж. Х. Жүнісованың, А. К. Котовтың еңбектерінде Қазақстан мемлекеттілігі институттарының тарихи тұрғыда дамуы зерттелген. Б. А. Майлыбаевтың, Б. У. Өтемісовтың, Е. М. Жексембиннің, С. З. Зимановтың, Ә. Н. Нысанбаевтың, О. Сәбденнің және басқалардың зерттеулерінің басты тақырыбы елдің ішкі дамуының проблемалары болып табылады.
М. Жүнісова мен Т. Мансұровтың «Егемендік келбе
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>