артиялық құрылымның эволюциясы, мемлекеттік-құқықтық жүйе мен сот жүйесінің қалыптасуы проблемасы бойынша бірқатар еңбектер бар. Ұлттық бірегейлік, мемлекеттілікті нығайту барысындағы этносаралық үйлесімді қатынастарды қалыптастыру мәселелері қызу талқылануда. Еліміздің тарихи зерттеулер саласындағы басты мекеме Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан даму институты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсыруымен 2008 жылы құрылған Мемлекет тарихы институты осы бағытта елеулі зерттеу жұмысын жүрізді, олардың нәтижелері, еңбектері бірнеше мәрте жарияланып, кең ауқымды ғылыми айналымға енгізілді.
Тәуелсіз даму жылдары Қазақстан Республикасында туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы, оларды көре білу ең алдымен Н. Ә. Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарында бейнеленеді. Олардың қатарында: «Әділеттіктің ақ жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқыныда», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» т. б. кітаптар бар.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясаттың ұзақ мерзімдік мақсаты есебінде «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясының» ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру және қолдауды айқындады.
Н. Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты зерттеуі заманауи дүниенің аса күрделі проблемаларына арналған.
Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында қазіргі заманғы лаңкестік, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары жән
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>