Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

убликасы бүгінгі таңда тәуелсіздігінің жиырма жылдығына аяқ басты. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан қарағанда, жиырма жыл – қас-қағым сәт, бірақ жас тәуелсіз мемлекет үшін бұл – кәмелетке толу кезеңі. Бұл – Қазақстанның өзінің мемлекеттік жобасының алғашқы қорытындыларын шығаратын уақыт. Бұл – қарқынды дамушы мемлекеттің қол жеткізген жетістіктеріне көз салуды талап ететін жағдай. Бұл – Қазақстан Республикасының мемлекеттік табысының 20 жылына айналған барша Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің қос онжылдығы.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы КСРО ыдырағаннан кейін қалыптасқан тәуелсіз мемлекеттер арасында лайықты ерекше орын алып отыр. Қазақ модернизациясының ерекшелігі – Қазақстанның едәуір тиімді жүргізілген экономикалық реформаларында, тек содан кейін ғана саяси модернизацияны қолға алғанында жатыр. Қанатты сөзге айналған Назарбаевтың «әуелі экономика, содан кейін – саясат» формуласы бұл жерде көп жайтты түсіндіреді.
КСРО құлаған соң бұрынғы кеңес адамдарының 60 -ы көзге ұрарлықтай нашар – кедейшілік шегінен төмен деңгейде өмір сүруге айналғаны белгілі. Бұл «мәжбүрлі демократияландыру» және «еңбек етуші кедейлік» синдромы кеңестік дәуірден кейінгі көптеген мемлекеттерге осы уақытқа дейін сезіліп келеді. Тәуелсіздікке қарай жасалған жол басында, осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстандағы экономикалық ахуал аса ауыр болды. Қазақ КСР-ы онсыз да одақтас республикалардың экономикалық даму рейтингінде ортадан төмен он екінші орын алатын. Бүгінгі таңда Қазақстан – табысты нарықтық экономикасы бар мемлекет: соңғы 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай кірісі 5 есеге артқан. Орташа айлық еңбекақы алты есеге жуық өсті, ең төменгі еңбекақы 25 есеге жоғарылады. Бірінші кезекте ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға үнемі көңіл бөлу өзінің оң нәтижесін

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: