құрылымын демократиялық негізде дамыту керек екендігін айрықша атап өткен еді. Президенттің осындай нақтылы қадамдар жасауының арқасында саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. 1998 жылдың желтоқсан айы мен 1999 жылдың тамыз айы аралығында Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Отан республикалық саяси партиясы, сондай-ақ оппозициялық негіздегі Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы, Азамат демократиялық партиясы және Өрлеу қозғалысы өмірге келді.
1999 жылы республика Парламентінде партиялық фракциялар мен депутаттық топтар пайда болды. Сөйтіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ұсынысы негізінде еліміздің партиялық құрылымында депутаттарды партиялық тізіммен сайлау негізі жолға қойылды. Келесі партиялық құрылымның төртінші кезеңі Қазақстанда 2002 жылдың қаңтары мен 2007 жылдың мамыры аралығында мәресіне жетті. Осы жылдары Қазақстанның саяси кеңістігінде жаңа саяси партиялық жүйе, яғни Қазақстанның Демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі, кейінірек 2004 жылдың мамыр айында аталмыш партияның екіге бөлінуіне байланысты Ақ жол партиясы өмірге келді.
Бұл ретте 2002 жылдың 19 шілдесінде Саяси партиялар туралы Заң негізінде партия мүшелерінің саны 50 мыңға жету керектігі нақтыланған болатын. Міне осыған байланысты көптеген партиялар діттеген деңгейден шыға алмай қалды. Қорытындысында сол кезеңдегі 17 партияның небәрі 7-уі ғана заң талаптарына сәйкес екендігі анықталды. Олар: Аграрлық, Ақ жол, Ауыл, Азаматтық, Коммунистік, Отан және Қазақстанның Патриоттық партиясы еді. Жаңа заңға байланысты Президент тарапына айтылған сын-ескертпелер де болды. Бәз-біреулер Қазақстанда үлкен партиялардың ғасыры басталды деген қауесеттер де айтты. Алайда, жаңа заң саяси партиялардың алдына жаңа талаптар қойылуы өзінің дұрыстығын дәлелдеді.
Страницы: << < 33 | 34 | 35 | 36 | 37 > >>