т, Үкімет, Қорғаныс министрлігі белсенді әрі мақсатты түрде жүргізді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес " Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы Заңды қабылдады. Төрт айдан кейін – 1993 жылы 19 қаңтарда "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы, ал екі аптадан кейін – 1993 жылы 1 ақпанда " Әскери қызметшілердің және олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы Заңдар күшіне енді. Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды56.
Қарулардың бір түрлерін жойып, енді біреулерін қысқарту жөніндегі шаралар шет ел бақылаушыларының қатысуымен немесе әскери техника мен қару орналасқан аудандарды одан әрі бақылауға алу арқылы жүзеге асырылды. Қазақстандық нысандарда инспекциялық сапармен 16 мемлекеттен келген 33 инспекторлар тобы болды. Өз кезегінде қазақстандық өкілдер Германия, Польша, Италия аумағындағы шарттарды жүзеге асыру жөніндегі көп ұлтты инспекцияларға қатысты.
Республиканы ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру идеясын республика жұртшылығы әр түрлі қабылдады. Ядролық қуатты сақтау идеясын жақтаушылар да табылды, онсыз елдің қауіпсіздігі мен территориясының тұтастығына кепілдік жасау мүмкін емес деп сендірді олар. Президент Н. Ә. Назарбаевтың, Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің күш-жігерімен оларды тыныштандырып, оңтайлы нұсқаны таңдап алуға қол жетті. Біздің жерімізде сақт
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>