Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

ері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21 тамызда Қазақстан Президентінің " Қазақ КСР- інің Қауіпсіздік кеңесін құру туралы Жарлығы шықты.
Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке айналды.
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президенті «Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлық шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды27.
Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше (оның ішінде бір танк) дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан астам әскери қызметшілер болды, олардың қарауында стратегиялық қарудың аталған түрлерінен басқа 1200 танк және брондалған машиналар, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ бар еді.
Бұрынғы Кеңес Армиясының аталған бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін құрады.
Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық негіз қалаудың маңызы зор болды. Бұл жұмысты Президен

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: