сты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті "Тәуелсіздік" ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Президент мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті "Тәуелсіздік толғауы" эссесін баяндаған екен.
"Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз - жүрекке де жетеді" емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға - тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.
Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы болса, онда айтылған "мәңгілік қазақтың перзенті" ретінде тәуелсіз елімізді "Қазақстан-2050" мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.
"Ел үмітін ел ақтар,
Ер атағын ер сақтар" деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.
Жетекшісі Жусанбаева Макбал
Шиелі ауданы
40 А. Қыраубаева атындағы
орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
"М
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>