Тәуелсіздік толгауы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ot; деп ақын жырлағандай, сарабдал саясаткер Президентіміз жайлы, елдікті дәріптейтін еңбектері жайлы таңды таңға ұра жырлай бергің келеді. Елдік демекші, осы құндылық - елдің бірлігіне, тұтастығы, ауызбіршілігі, "ұлтым" деп ұдайы ұйытқы боп отырған барлық хандардың да, билердің де арманы еді ғой. Десек те, Ресей империясына бодан болған қалып, қашан да өз көлеңкесінен, шырмалған торынан босатпай, қанша ғасыр әуреледі. Асылымызды жасырып, бас көтерер батырымызды жаншып, жігерімізді құм еткені жасырын емес. Өзінікін өзмдікі дей алмағаннан артық қорлық бар ма? Жеріміздің байлығын, пайдалы қазбалары мен табитғим ресурстарын тек өз игілігімізге жұмсай алмай жүрміз. Оқып-тоқыған, көкірек көзі мен жүрегі ашық табиғи тума таланттарымыз қудаланып, "саяси құрбандар" аталып қанша жүрді. Бас көтерер елдің рухын жанитын біртуар перзенттеріміз қудаланып, нағыз ұлт қаймағын шашыратып алдық.
Өкінішті. . . өкінішті, әрине. Дегенмен бүгінде орны толған өкініш бұлар. Тәубе дейміз! 70 жылдың езгісінен ақыры сытылып, жарыққа шықты халқымыз.
"Құм да ақ алмасты жасыра алмайтыны" секілді көкіректегі ұлттық рухты бүркемелей алмаған тарих ақыры "Қазақ" деген қастерлі ұлттың өз тәуелсіздігін еншілеуіне бұғау бола алмады. Осындай елең-алаң жағдайда бітімі бөлек қайраткерге ғана тән қайсарлық пен батылдықтың, саяси ерік-жігер мен өршілдіктің үлгісін көрсеткен Президент Н. Назарбаев Қазақстан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат - бүгінде сенімді, әрі табы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: