ді, қаншама адам құрбан болды.
3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
7-оқушы. Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
Мұғалім:
-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Олай болса, құрметті қауым, Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай сынып оқушылары шығарма жазған еді. Үздік деп танылған шығармалардан үзінді тыңдаңыздар.
Шығарма оқу. «Тәуелсіздік жаңғырығы»
3. Тәуелсіздік хроникасы.
Мұғалім:
- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер б
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>