олды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.
» ғимараты ашылды. 97м. (Астананың 1997 жылы ашылу құрметіне байланысты) 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болды.
- Ал, 2006 жылғы болған ұлы өзгерістер, оқиғалар туралы не айта аласыңдар?
(Оқушылардың жауабы тыңдалады)
4. Рәміздер.
- Тәуелсіз ел - қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады. )
- Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін - рәміздерін жақсы білуі қажет. Кәне, дүниетану пәнінен алған білімдерімізді ортаға салайық.
( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)
- Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?
- Көп ұлтты.
- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.
Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.
Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата Заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді емес пе.
Еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер? (1-2 оқушыдан сұралады)
- Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>